Демеушілер

Қойайдарова Іңкәр Темірқызы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, химия пәнінің мұғалімі

 

Қойайдарова Іңкәр Темірқызы 1960 жылы 16 маусымда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Құмжарған ауылында (Қуырдақты ауылы) дүниеге келді. 1967 жылы Ш.Берсиев атындағы 8 жылдық мектептің табалдырығын аттап, 1975 жылы сол мектептен 8 жылдық білім алды. Ары қарай 1975 жылы Ақтөбе қаласындағы №21 қазақ орта мектебінің 9 сыныбына қабылданып, 1977 сол мектептен орта білім алып шықты. 1977-1979 жылдары Соркөл негізгі мектебі жанындағы мектеп интернатында тәрбиеші, биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. 1979 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының химия-биология факультетіне оқуға түсіп, 1984 жылы химия-биология мамандығы бойынша білім алып шықты. 1984 жылдан бері Құмжарған ауылының Соркөл орта мектебінде химия, биология пәндерінің мұғалімі және 1989 жылдан осы кезге дейін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Жоғары санатты мұғалім, еңбек өтілі - 39 жыл. «Үздік мұғалім-2010» грантының иегері. ҚР Президентінің Алғыс хатымен, бірнеше облыстық Құрмет грамоталарымен және облыстық "Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының" Құрмет грамотасымен  марапатталды.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында 175 000 (бір жүз жетпіс бес мың) теңгеге мектеп дәлізіне мемлекеттік рәміздер стендісін және тақырыптық баннер жасатып берді.  

Мемлекеттік рәміздер – Государственные символы- state symbol, баннер,

 

 

 

Құлниязов Мұратбек Сарыбалаұлы

1964 жылы Құмжарған елді мекенінде дүние келген. Жоғары білімді, тарих пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі – 31 жыл.  Жоғары санатты мұғалім.    

«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша мектепке заттай сыйлық сыйлады.

80000 (сексен мың) теңге

Теледидар – телевизор - television

 

 

Ақөтенова Шынар Бақытжанқызы

28.10.1978 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Құмжарған елді мекенінде дүниеге келген.1984 жылы осы елді мекендегі Соркөл негізгі мектебінің табалдырығын аттап, сол мектепті 1995 жылы аяқтады. 1995-1998 жыл Ақтөбе гуманитарлық колледжінде мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі мамандығы бойынша білім алды. 2005-2008 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алды. Еңбек жолын 2006 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Құмжарған ауылының Соркөл негізгі мектебінде кітапханашы болып бастады. 2006 жылдың қазан айынан бастап мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі болып ауысты. 2013-2014 оқу жылында Соркөл орта мектебінде мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта 2014-2015 оқу жылынан бастап бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады.

«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша 50000 (елу мың) теңге көлемінде заттай көмек көрсетті.

«Қош келдіңіздер» ою-өрнек – «Добро пожаловать» орнамент – «Welcome» ornament