22.11.2018 жыл. Қарой МББ-да Сұлтанов Ғабит Орынбасарұлын еске алу олимпиада өтті.

2018 жылдың 22 қараша  күні Қараой мектеп – балабақшасында  Сұлтанов Ғабит Орынбасарұлын еске алу мақсатында 7-8-сынып оқушылары арасында математика пәнінен аудандық  олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға 16 мектеп қатысты. Мектебімізде көп жылдар бойы математика пәні мұғалімі болып қызмет етіп,  ағаймен бірге әріптес болған әрі жеңгесі Имағанбетова Балияш Имұханқызы бастаған Ғабит ағайдың құрдастары, группаластары және ағаймен бірге қызмет еткен ардагер ұстаздар кеш қонақтары ретінде қатысып, олимпиаданың жоғары деңгейдн өтуіне атсалысып, ағайды сағынышпен еске алды. Сонымен қатар ағайдың отбасы түгел атсалысып, олимпиаданың жоғары дәрежеде өтуіне зор үлес қосты.

 

ОлимпиадаІІ турдан құралды. Сонымен қатар оқушыларын алып келген жетекші мұғалімдерге арнап «Қызық екен» бағдарламасы ұйымдастырылды. Бағдарламаға жетекшілер қызығушылықпен қатысты. Ағайдың өмір жолын және қызмет жолын еске түсіріп «Жарқын бейне» бағдарламасы ұйымдастырылды. Бағдарламада ағайдың өмір жолы, қызмет жолындағы түрлі қызықты сәттерінен «Ұстаз туралы үзік сыр» слайд-шоу көрсетілді. Келген барлық қонақтарға жекелей сөз беріліп, барлығы ағайдың  өмір жолындағы қызықты сәттерін еске алды. Олимпада жоғары деңгейде өтті. Қорытынды бөлімде оқушылар марапатталып, отбасы мүшелері мектеп ұжымына және келген барлық қонақтар мен қатысушы оқушыларға алғысын білдірді. І, ІІ, ІІІ орын алған оқушыларға отбасы дайындаған кітаптар тарту етіліп, Ғ.О.Сұлтанов атындағы төсбелгілер тағылды.