Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі, Еңбек ардагері медалінің иегері Шахметова Қалима Нарманқызының есімі берілген орыс тілі кабинетінің ашылу салтанаты болды

2020 жылдың 21 қарашасында Ш.Берсиев атындағы орта мектебінде аяулы ұстаз Қазақ ССР білім министрлігі Құрмет грамотасы иегері, Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі, Еңбек ардагері медалінің иегері Шахметова Қалима Нарманқызының есімі берілген орыс тілі кабинетінің ашылу салтанаты болды. Осындай ұлы аналарын қадірлеген жолдасы мен балалары Еркебаевтар отбасы 1 миллион 500 мың теңгеге кабинет жабдықтап қажетті заманауи оқу құралдарын сыйға тартты. Кабинеттің ашу лентасын ұстаздың асыл жары Ердәулет Еркебаев қиды. Шахметова Қалима Нарманқызының өзі өмірден өтсе де, ұрпақ болашағына, тәрбие мен білім кеңістігіне қосқан елеулі үлесі ел есінен кетпейді.